"Астана" шабандоздары Жапонияда өткен велододада жеңіске жетті

785

"Кюсю турында" Андрей Зейц пен Антонио Нибали шешуші кезеңде қос жеңіске жетті. 

"Астана" шабандоздары Жапонияда өткен велододада жеңіске жетті Фото: astana-qazaqstan.com

Жапониялық "Кюсю туры" көпкүндігінің шешуші таулы кезеңінде Astana Qazaqstan Team шабандоздары Андрей Зейц пен Антонио Нибали алғашқы екі орынды жеңіп алды: Зейц кезең жеңімпазы атанса, Антонио Нибали екінші орынға ие болды.

Екі шабандоз да Минамиасо қаласында құрылған көшбасшы топта болды. Соңғы айналымда Зейц шабуылға шықты. Нәтижесінде кезеңде жеңіске жетіп, жалпы есепте көш бастады.

"Испания Вуэльтасын" аяқтағаннан кейін менде екі апта уақыт болды. Өз формамды жақсы деңгейде ұстап, мүмкіндігінше жаттығуға тырыстым. Кезең қиынға соқты. Бірақ, біздің команда жарыс жолын "өте жақсы" жүріп өтті. Алдымен Николай Винокуров команданың мүддесін қорғап, алға шықты. Мен сол кезде команданың қолдауымен пелотонда болдым. Содан кейін, көшбасшыларды қуып жеткеннен кейін Игорь Чжан айналым жолына шығып, қарқынын арттырып, пелотонда үлкен іріктеу болды. Тауға көтерілгеннен кейін көшбасшы топта Антонио Нибали екеуміз ғана қалдық. Біз жоғары жылдамдықты сақтау үшін жұмысты жалғастырдық. Соңғы асуда мен шабуыл жасадым. Ал Антонио қарсыластарымызды бақылауда ұстау үшін артта қалды. Шыңнан өткенде әлі де басымдығым жеткілікті болды. Сондықтан тәуекелге бел бумай-ақ тік қия жолын жүріп өтіп, мәреге жеттім. Кезеңде жеңіске жетіп, жалпы классификацияның көшбасшысы болғаныма өте қуаныштымын. Сондай-ақ Антонионың менен кейін екінші болып мәре  сызығын кескенін көргенде, қатты қуандым", - деді Андрей Зейц.

Жарыс аяқталуға бір кезең қалғанда Андрей Зейц жалпы классификацияда Антонио Нибалиден 25 секунд және Джухи Тодомеден 27 секунд басымдықпен көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу