"Астана" шабандозы Италия чемпионы атанды

530

Astana Qazaqstan Team шабандозы Симоне Веласко Комано Термеде өткен 227 шақырымдық топтық жарыста жеңіске жетіп, Италияның жаңа чемпионы атанды.

"Астана" шабандозы Италия чемпионы атанды

Веласко жарыс жолының финалдық бөлігінде пелотоннан бөлініп шығып, көшбасшылардың шағын тобынан спринтте алға озып, титулды жеңіп алды.

"Бұл өте қиын жарыс болды. Бірақ, командамен бірге қажетті жолмен еңсердік. Біз барлық уақытта алда болдық. Тынбай еңбек еттік. Жағдайды бақылап отырдық. Алдымен Леонардо Бассо ұзақ уақыт бойы көш басында керемет жұмыс жасады. Содан кейін басқа жігіттер маған үлкен қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Самуэле Баттистелла тамаша жұмыс жасады. Бұл маған жарыстың соңғы бөлігінде бар күшімді және сергектікті сақтауға мүмкіндік берді. Күш біріктіріп, бір ұжым болып жарыс күнін керемет өткіздік. Мен жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын және мақтан тұтамын. Бұл мен үшін болашаққа үлкен мотивация болды, жұмысты жалғастыруға және жаңа үлкен мақсаттарға ұмтылуға жігерлендіреді", - деді Симоне Веласко.

Веласко үшін бұл ағымдағы маусымдағы екінші жетістік. Бұған дейін ол "Валенсия Вуэльтасының" үшінші кезеңінде жеңіске жетті. Astana Qazaqstan Team командасының екі шабандозы Кристиан Скарони (9-орын) мен Самуэле Баттистелла (10-орын) да жарыстың үздік ондығына енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу