"Астана" шабандозы "Коппа Сабатини" веложарысында ауыр жарақат алды

1184

Вадим Пронискиймен қатар "Астананың" тағы бір шабандозы Харольд Техада жарақаттанды.

"Астана" шабандозы "Коппа Сабатини" веложарысында ауыр жарақат алды

Өкінішке орай, Вадим Пронский маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр. Кеше италиялық біркүндік "Коппа Сабатини" жарысы кезінде 23 жастағы қазақстандық шабандоз қақтығысқа тап болып, нәтижесінде бірнеше ауыр жарақат алды.

Шабандоз тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін оның сүйектерінің сынғаны және пневмоторакс анықталды.

"Вадим Пронский "Коппа Сабатини" велододасында қақтығысқа тап болып, көптеген жарақаттар алды. Тексеру барысында шынтақ пен екінші қабырғаның сол жағы, L1 омыртқасының көлденең сынғаны және оң өкпенің пневмотораксы бар екені анықталды. Қуанышымызға орай, барлық сынған жерлері орнынан қозғалмады. Сондықтан Вадимге операция қажет емес. Қазір оның жағдайы тұрақты және пневмоторакстан сауығып кеткенше бірнеше күн ауруханада болады. Өйткені үйге автокөлікпен келу жаңа пневмоторакс қаупін туғызады. Алған жарақаттарын ескере отырып, Вадим осы маусымда қайтадан жарысқа қатыса алмайды. Сондықтан қазір біз оның сауығып, қайта қалпына келуіне көңіл бөлеміз", - дейді дәрігер Андрей Михайлов.

Сонымен қатар Харольд Техада да жарыс кезінде қақтығысқа тап болып, ауруханаға тексеруге жеткізілді. Бірақ қуанышымызға орай шабандоз ауыр жарақаттан аман қалды. Алайда, мойын омыртқасының жеңіл жарақаты мен денесінің көгеруіне байланысты Техада осы сенбіде "Марко Пантани" мемориалына қатыса алмайды.

Айта кетейік, Astana – Premier Tech командасы осы аптаның сенбі күні, 18 қыркүйекте өтетін италиялық біркүндік "Мемориал Марко Пантани" веложарысына қатысады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу