"Астана" шабандозы маусымдағы соңғы веложарыста жеңіске жетті

1124

"Astana-Premier Tech" командасы 2021 жылғы велосипед маусымын "Венето Классик" біркүндік веложарысындағы Самуэлэ Баттистелланың тамаша жеңісімен ресми түрде аяқтады.

"Астана" шабандозы маусымдағы соңғы веложарыста жеңіске жетті

"Astana-Premier Tech" командасы үшін маусымның соңғы жарысы Венециядан басталып, 200 шақырымнан соң, жарыстың екінші жартысындағы біраз асуларды жүріп өткеннен кейін, Бассано-дель-Граппа көшелерінде аяқталды.

"Astana-Premier Tech" шабандоздары алғашқы шақырымнан бастап жарысты бақылауға алып, керемет командалық жұмыс атқарды. Пелотон Бассано дель Граппаның маңындағы соңғы айналымға жеткенде Самуэлэ Баттистелла Маттео Трентинмен бірге шабуылға шықты. Ал Алексей Луценко қуғыншылар тобында қалды.

Мәреге шамамен 20 шақырым қалғанда, асуға жеткенде Трентин алдыңғы дөңгелегімен Баттистелланың артқы дөңгелегіне тиіп, құлады. Содан кейін Самуэлэ 20 шақырым бойы жалғыз жүрді. Қуғыншылар тобы бірнеше мәрте оны қуып жетуге тырысты. Бірақ шабандоздардың кез-келген шабуылдарына қарсы шығып отырған Алексей Луценко оларға көшбасшыны қуып жетуге мүмкіндік бермеді.

Нәтижесінде, Самуэле Баттистелла кәсіби деңгейдегі өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал қуғыншылар тобынан спринтте Марк Хирши екінші, Джонатан Рестрепо үшінші нәтиже көрсетті. Жарыстың тағы бір қаһарманы Алексей Луценко мәреге төртінші болып келді.

"Трентинмен болған жағдай өте өкінішті. Біз бірге керемет жұмыс жасадық және ол менің дөңгелегіме ілінгенде, мәреге шамамен 15 шақырымдай қалған. Одан сәл көп болуы да мүмкін. Мен Джузеппе Мартинелиден не істеу керектігін сұрадым. Ол маған өз қарқыныммен жоғары тауға қарай жүріп, мәреге жетуім керек екенін айтты. Содан кейін мен жан-жағыма қарауды доғарып, барымды салдым. Бұл менің кәсіби велоспорттағы алғашқы жеңісім. Денсаулығыма байланысты маусым мен қалағандай басталған жоқ. Бірақ қазір өзімді тамаша сезінемін. Соңғы күндері Алексей жеңіске жету үшін көп күш жұмсадым. Ал бүгін ол маған үлкен көмек көрсетті. Соңғы шақырымдар маған таныс жолдармен өтті. Мен мұнда көп жаттығамын және жанкүйерлер тарапынан үлкен қолдау көрдім. Сондай-ақ командама алғыс айтқым келеді. Бүгінгі жеңіс тамаша командалық жұмыстың жарқын  нәтижесі болды. Біздің алғашқы жоспарымыз бойынша мен алдымен шабуылдауым керек еді. Содан кейін Алексей жұмысты соңына дейін жеткізуі керек болатын. Бірақ соңында жоспарымызды өзгерттік. Мен алға қарай жүрдім. Ал Алексей қалып қойды. Нәтижесінде ол да жарысты жақсы көрсеткішпен аяқтады. Бұл маусымның тамаша мәресі болды", – деді Самуэле Баттистелла.

"Не дейін, бұл керемет апта болды. Жұма күні Луценко "Серениссима Гравелде" жеңіске жеткен кезде, бұл біз үшін қуаныш болды. Бірақ бүгінгі жеңіс өте керемет. Бүгін Баттистелла жеңіске жететініне сенімді болдым. Ол біздің бірінші нөмірлі шабандозымыз болмағандықтан, оған біраз жұмыс істеу керек болды. Дегенмен өткен күндері оның күшейіп келе жатқанын көрдім. Бүкіл команда үшін өте қуаныштымын. Маусымның бұдан да жақсы аяқталуын елестету мүмкін емес. Біз жаңа эмоциямен жаңа маусымды үлкен мотивациямен бастаймыз. Бұл жеңіс 2022 жыл үшін жақсы белгі болады деп үміттенемін", деп қоса кетті "Astana-Premier Tech" командасының спорттық директоры Джузеппе Мартинелли.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу