"Астана" Суперкубок иегері

2067

Қазақстан Суперкубогы финалында "Астана" қызылордалық "Қайсардан" басым түсті. 

"Астана" Суперкубок иегері

Осыған дейін 5 жыл қатарынан ел Суперкубогының финалына шыққан "Астана" биыл әдеттегідей "Қайратпен" емес қызылордалық "Қайсармен" кездесті. "Астана Арена" стадионы жөндеу жұмыстарын өткеріп жатқандықтан ойын Қостанай қаласындағы "Тобыл Арена" спорт кешенінде өтті. Матч төрешісі болған Анатолий Вишниченко кездесу басында екі команданың ойыншыларына сары қағаз көрсетіп, дөрекі ойынды қалпына келтірді. 

Ойынның бастапқы бөлігінде футболшылар жиі қателесіп, маусымның алғашқы ойынына әлі дайын еместігін байқатты. Оны ойын соңынан кейін Дмитрий Шомкода растап берді. "Біз екі ай бойы жаттығу жұмыстарын өткердік. Жасыл алаңдарда доп тептік. Бұл жолы бірден жасанды алаңда ойнап кету қиындық тудырды", деді "Астана" қорғаушысы. 

Кездесудің 40-минутында Рунар-Мар Сигурьеонсон көтерген допқа бірінші жеткен шабуылшы Пиерос Сотириу "Қайсар" қақпасына гол салды. Екінші таймда "дала қасқырлары" таразы басын теңестіргісі келгенімен елордалық команда қақпасын дәл көздей алмады. "Астана" осымен бесінші мәрте Қазақстан Суперкубогының иегері атанып отыр. Енді 7-8 наурыз күндері Қазақстан премьер-лигасының алғашқы тур ойындары өтеді. 

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу