"Астана" сырт алаңда сенсация жасады

748

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің екінші ойынында "Астана" Тбилисидің "Динамосымен" кездесті.

"Астана" сырт алаңда  сенсация жасады

Команда құрамы төмендегідей болды:

"Динамо" Тбилиси: Лория, Мали, Маргвелашвили, Табидзе, Каландадзе, Меквабишвили, Осей, Хараишвили, Улад Омар, Камара, Схиртладзе;
"Астана": Чондрич, Марочкин, Томашевич, Аманович, Вороговский, Бейсебеков, Йованчич, Эбонг, Урега, Томасов, Дарбо.

Кездесу Борис Пайчадзе атындағы "Динамо Арена" стадионында өтті. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. 21-минутта "Динамо" шабуылшысы Усман Камара гол соқты.

Үзілістен кейін "Астана" ойынның бағытын өзгерте алды. Алдымен 50-минутта Абзал Бейсебеков есепті теңестірсе, араға бір минут салып Дембо Дарбо қонақтарды алға шығарды.

Осылайша, "Астана" Загребтік "Динамомен" ойнайтын іріктеудің екінші кезеңіне шықты.

"Динамо" (Тбилиси, Грузия) — "Астана" (Астана, Қазақстан) 1:2 (1:0)
Гол
дарКамара 22 (1:0), Бейсебеков 50 (1:1), Дарбо 51 (1:2)
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу