"Астана" тағы бір легионер алды

833

"Жальгирис" ойыншысы Фабьен Урега мансабын елордалық "Астанада" жалғастырады. 

"Астана" тағы бір легионер алды

30-жастағы жартылай қорғаушының литвалық ұжыммен мерзімі бітпеген келісімшарты болған. Алайда, "көк-сарылар" французға тиімді ұсыныс жасады. Осыған ойлана келе, Урега ҚПЛ біріншілігінде бақ сынауды құп көрген екен. Бірқатар келіссөздер өткізген қос тарап бір келісімге келіпті. Бірақ, "Астана" ФК футболшының трансферінен бөлек үстемақы төлейтін болады. Фабьен өз мансабында "Орлеан", "Сошо" , "Париж", "Эксельсиор" клубтарында өнер көрсеткен. Соңғы ұжымы "Жальгиристе" ол 27 ойын өткізіп, 4 гол мен ерекшеленді. Қазақстандық жанкүйерлер Уреганың бет-бейнесін Александр Ляказеттке ұқсатуда.

"Ордабасы" өзбекстандық ұжымға тізе бүкті. Шымкенттік "Ордабасы" жолдастық кездесуде Карши қаласының "Насаф" командасымен бақ сынасты. Ойын Түркияда өтті. Өзбекстандық клуб матчты минималды есеппен жеңді. Олар жалғыз ғана голды ойынның 46-шы минутында салған болатын. "Насаф" өз біріншілігінде өткен маусым қорытындысы бойынша 3 орынға тұрақтаған еді. "Сары-қызылдар" турнирлік кестедегі тартыста бәріміз білетін "Пахтакор" мен "Навбахорды" алдына шығарып алған болатын.

Еске салайық, "Ордабасы" ФК ҚПЛ өткен маусымын 5 орынмен аяқтаған. ҚПЛ клубы украиндық ойыншымен келісімге келмекші. Жаңа маусымда "Мақтаарал" сапынан қорғаушы Богдан Мыцикті көріп қалуымыз мүмкін. 24-жастағы футболшы 2022 жылдың қаңтар айынан бері еркін агент ретінде тіркеліп тұр. Богдан оған дейін армениялық "Ван" ұжымында өнер көрсетіпті. Онда ол 11 ойын өткізіп, 2 гол салған екен. Украиндық өз мансабында "Ингулец", "Атлантас", "Кодру" және "Ида-Виирума" ұжымдарының намысын қорғаған. Бұл қорғаушының ерекшелігі қорғаныстың кез-келген бөлігінде ойнай береді.
Трансфермаркет Мыцикті 150 мың еуроға бағалауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу