Еуропа лигасының "L" тобында өнер көрсететін "Астана" 2-тур ойындары аясында Сербия чемпионы "Партизан" командасын қабылдады. "Астана Арена" стадионында өткен матчта қонақтар бірінші болып есеп ашты. Гол авторы Умар Садик. Нигериялық шабуылшы ойын барысында бірнеше гол соғатын мүмкіндікке ие болды.
Ал 73 минутта ол мүмкіндіктің біреуін голға айналдырды. Қазақстан чемпионы ойынның аяқталуына 5 минут қалғанда ғана гол салды. Алыстан шірене тепкен исландиялық жартылай қорғаушы Рунар Сигурьеонсон. Алайда оның голы "Астанаға" ешқандай ұпай әпермеді. Қазақ командасы осымен екінші ойын қатарынан жеңіліп, жарыстағы жағдайын қиындатып алды.
"Астана" - "Партизан" (Сербия) – 1:2
Голдар: Рунар Мар Сигурьонссон 85 - Умар Садик 29, 73
Ермұхамед Мәулен