"Астана" тағы да жүлделі

1617

"Астана" шабандозы Александр Власов "Окситания туры" додасында үшінші орын иемденді. 

"Астана" тағы да жүлделі

Францияның Рокамадур қаласында өткен 195 шақырымдық "Окситания туры" жарысының жалпы есебінде елордалық клубтың шабандозы Александр Власов жүлделі, үшінші орынды иемденді. Жарыс аяқталуға 600 метр қалғанда Власов шабуылға шығып, бәсекелестерінен сәл де болса озып шықты. Дегенімен, бұл ара-қашықтық небәрі 5 секундты ғана құрады. Кейіннен бәсекелестер Александрды қуып жетті. Спринтерлер жарысында франциялық Бенуа Конефруа басым болды. Власов 5 болып мәре сызығын кесті. 

"Мен бүгінгі жарыста көрсеткен нәтижеме дән ризамын. Ұзақ уақыт жарыссыз қалдық. Физикалық бабымның қандай екенін өзімде білмей келдім. Дегенімен, барлығы жақсы болды. Енді "Мон Ванту" жарысына дайындаламыз" деді Александр Власов жарыс аяқталысымен. 

Ал жалпы жарысты колумбиялық шабандоз Эган Берналь жеңді. Ол ресейлік Павел Сиваковтан 19 секунд, ал Власовтан 23 секунд озып кетті. Айта кетуіміз керек осы жарысқа "Астана" Про Тим ұжымынан Омар Фрайле мен Мигель Анхель Лопестер де қатысты. Олар екеуі бастапқы шақырымдарда шабуылға шықты. Бірақ, ол екеуін өзге шабандоздар қуып жетіп алды. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу