"Астана" тарихи жеңіске жетті

2538

Еуропа лигасының аясындағы кездесуде Қазақстан чемпионы Англияның атақты клубы "Манчестер Юнайтедті" жеңді. 

 "Астана" тарихи жеңіске жетті

"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңінен ары өте алмасы белгілі, алайда атақты команданы жеңіп абыройын көтеріп алды.  "Манчестер Юнайтед" 18-19 жастағы жастарын алып келсе де, жеңістің аты жеңіс. Қазақ командасы жайлы қазір бүкіл әлем баспасөзі жарыса жазуда. Әлбетте, сенсация деп атауға ауыз бармайды, дегенмен де нәтиженің есте қалары қалары анық. 

Қазақстан футболының тарихында Владимир Нидергаус деген ойыншымыз "Манчестер Юнайтед" қақпасына гол салған алғашқы қазақстандық еді. Енді міне олардың қатарына тағы біреу қосылды. Ол –Дмитрий Шомко. Ойын соңынан кейінгі баспасөз мәслихатында Оле-Гуннар Сульшер сол қапталдағы қорғаушымызды мақтап өтті. 

"Астана"  - "Манчестер Юнайтед" - 2:1

Голдар: Дмитрий Шомко 55, Дишон Бернард 62 (автогол) - Джесси Лингард 10

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу