Чемпиондар лигасынан Еуропа лигасына ауысқан елордалық "Астана" Андорра елінің "Санта-Калома" командасын жеңіп өткен соң, Мальтаның "Валетта" деген ұжымымен кездеседі. Егер де бұл айналымнан да өтіп кетсе, Роман Григорчук шәкірттері "Сараево" - "Батэ" жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Мамандар пікірі бойынша Боснияның "Сараево" командасына қарағанда Белоруссияның "Батэсі" әлдеқайда тәжірибиелі әрі келесі кезеңге өтетін мүмкіндігі мол команда. Демек "Астана" осал команда "Валеттаны" жеңгеннен соң, "Батэмен" кездесуі әбден ықтимал. "Ескі жау атыспаққа жақсы" демекші Белорусь елінің чемпионы қазақ командаларына өте жақсы таныс. Бұл команданы кезінде "Шахтер" да, "Астана" да жеңген еді.
Ермұхамед Мәулен