"Астана" "Тур де Франсқа" арналған жаңа дизайндегі веложейдені таныстырды

661

"Тур де Франс" Гранд Туры 1-шілде күні басталады.

"Астана" "Тур де Франсқа" арналған жаңа дизайндегі веложейдені таныстырды

Astana Qazaqstan Team жаңа дизайндегі Giordana компаниясы ұсынған веложейдемен таныстырды. Жаңа дизайндегі жейдеде  елордалық команда шабандоздары 1 шілдеде Испанияның Бильбао қаласында басталатын "Тур де Франс 2023" жарысында өнер көрсетеді. Бірегей дизайн пайдаланылған графикада Қазақстан жеріндегі бай минералдардың, асыл тастардың және пайдалы қазбалардың суреті бейнеленген. Қайталанбас тартымды сурет минералды тастардың аспанның көгілдір түсімен, алтын күн, сондай-ақ Қазақстан туының элементтерімен үйлесімділіктен туындаған.

Astana Qazaqstan Team "Тур де Франс" жарысында өнер көрсететін жейде бір жағынан Қазақстанның әйгілі табиғи ресурстарын көрсетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан өз салаларындағы Қазақстан экономикасының екі көшбасшысы - KAZ Minerals пен Freedom Broker компанияларымен жаңа серіктестіктің жасалғанын білдіреді. Дизайн Albertdesign компаниясымен бірлесіп әзірленген.

Айта кетейік, күнтізбедегі ең беделді веложарыс "Тур де Франс" 1-23 шілде аралығында өтеді. 110-шы мәрте ұйымдастырылып жатқан франциялық Гранд тур Бильбаодан басталып, 21 кезеңнен кейін Париждегі Елисей алаңында мәресіне жетеді. Жарыс жолының жалпы ұзақтығы 3404 шақырым.

Әлбетте, 2023 жылғы Тур де Франс ең алдымен таулы аймақтың шабандоздарына арналған. Себебі сегіз таулы кезең жоспарланған. Ал "жекелей уақытқа арналған" жарыстың ұзақтығы небәрі 22 шақырым (16-кезең). Ал Париждегі дәстүрлі "достық кезеңінің" алдындағы 20-шы таулы кезең жарыстың шешуші болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу