Астана туралы 20 қызықты дерек

240

Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.  

Астана туралы 20 қызықты дерек Фото: blog.ostrovok.ru

Мерекеге орай Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы еліміздің бас қаласы туралы 20 қызықты деректі ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1. Халық саны – 1 674 699 адам (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

2. Әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам.

3. Қазақстан бойынша 26 адамның есімі – Астана.

4. 2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келді.

5. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 545 мың: оның ішінде 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).

6. 2026 жылдың алғашқы 5 айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелді.

7. 2025 жылғы қартаю индексі – 22,9 (100 балаға шаққандағы 65 жастан асқан қарттардың саны).

8. Астана тұрғынының орташа жасы – 30,9 жас (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).

9. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жас (2025 жылғы көрсеткіш).

10. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

11. Құрылыс саласындағы компаниялар саны – 18,5 мың (Қазақстан бойынша 1-орын).

12. Елордада 576 мың пәтер бар (2025 жыл).

13. Қоғамдық тамақтану нысандарының саны – 6 819 (Қазақстан бойынша Алматыдан кейінгі 2-орын). Оның ішінде:

  •     заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары – 2 241;
  •     жеке кәсіпкерлік субъектілері – 4 578.

14. Қалада 31 театр жұмыс істейді.

15. 5 музей бар.

16. 35 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

17. Елордада 24 саябақ орналасқан.

18. Тұрақты интернет абоненттерінің саны – 443,4 мың (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

19. 2026 жылдың І тоқсанында қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналасты.

20. Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу