"Астана" велошабандозы Францияда өткен жарыста жеңіске жетті

415

XDS Astana Team командасының шабандозы Макс Кантер "Париж-Ницца" көпкүндік жарысының екінші кезеңінде жеңіске жетті.

"Астана" велошабандозы Францияда өткен жарыста жеңіске жетті Фото: XDS Astana Team

Кантер кезеңнің соңғы километрінде Майк Тениссеннің тамаша "развозынан" кейін пелотоннан жаппай спринтте топ жарды.

Бұл жеңіс Макс Кантер үшін Әлемдік Тур деңгейіндегі алғашқы жеңіс болса, ал XDS Astana Team үшін 2026 жылғы маусымдағы осы деңгейдегі алғашқы жеңіс болды.

"Бұл жеңіс мен үшін – орындалған арман. "Париж–Ницца" өте беделді жарыс, ал мұнда кезең жеңу – керемет сезім. Соңғы бірнеше апта мен үшін оңай болған жоқ, денсаулыққа байланысты мәселелер болды, сондықтан мұнда келгенде формама толық сенімді болмадым. Кеше, бірінші кезеңде, сезімдер аса жақсы болған жоқ, бірақ жылдамдық бар еді, ал бүгін бәрі өз орнына келді. Бүкіл кезең бойы барынша шоғырлануға тырыстым, бірақ соңғы километрлер өте жүйке жұқартарлықболды, және мәреге 2 шақырым қалғанда біз көп позиция жоғалттық. Дегенмен Майк Тениссен сабырлы қалды, мен оған сендім. Майк мені алға тамаша алып шықты, соңғы километрді феноменалды өткізіп, мені соңғы 200 метрге дейін жеткізді. Одан кейін бар күшімді салдым және ешкім мені басып оза алмады. Бұл жеңіс маған осындай жоғары деңгейде де жеңе алатыныма үлкен сенім береді. Бүкіл командаға алғыс айтқым келеді – бүгін жігіттер бар күшін салды", – деді Макс Кантер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу