"Астана" велошабандозы Италиядағы классикалық бәйгеде күміс жүлдегер атанды

229

Италияда күзгі классикалық жарыстар маусымы басталды.

"Астана" велошабандозы Италиядағы классикалық бәйгеде күміс жүлдегер атанды Фото: XDS Astana Team

Алғашқы дода – Ларчано қаласында өткен "Индустрия және Артиджанато Гран-приі" біркүндік бәйгесінде XDS Astana Team командасының спортшысы Кристиан Скарони 2-орынға ие болды.

Скарони шешуші асуда италиялық Давиде Пиганцолимен бірге шабуылға шықты. Кейін оларды мексикалық Исак Дель Торо қуып жетті. Үш велошабандоз мәреге бірге жетіп, соңғы спринтте Дель Торо жеңісті иеленді.

– Команда тамаша жұмыс істеді. Жігіттер барын салып, соңғы өрлеуге жақсы позицияға жеткізді. Бар күшімді жұмсадым, бірақ Дель Тормен спринтте бәсекелесу оңай емес. Соған қарамастан, екінші орынға ие болғаныма және жеңіс тұғырына шыққаныма ризамын. Алда тағы жарыстар бар, жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенемін, – деді Кристиан Скарони.

Жарыста XDS Astana Team-нің басқа шабандоздары да үздік ондыққа ілікті: Симоне Веласко 9-орын, ал Диего Улисси 12-орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу