"Астана" велошабандозы Италияда өткен жарыста жеңіске жетті

229

XDS Astana Team командасының қос шабандозы "Джиро делла Романьяда" жеңіс тұғырына көтерілді. 

"Астана" велошабандозы Италияда өткен жарыста жеңіске жетті

Кристиан Скарони Италиядағы біркүндік жарыста маусымдағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ол шешуші асуда шабуыл жасап, жеке дара мәреге жетті.

– "Біз жарысты бақылауда ұстауды жоспарладық. Командаластарым үлкен жұмыс атқарды. Алдымен Симоне Веласко шабуылдады. Кейін менің кезегім келді. Диего Улисси асудың алғашқы бөлігінде маған көмектесті. Сол сәтті пайдаланып, алға шықтым. Соңғы шақырымдарда бар күшімді жұмсап, басымдығымды сақтап қалдым. Қазір бабым жақсы. Енді Еуропа чемпионатына тыңғылықты дайындаламын", – деді Скарони.

Күміс жүлде Equipo Kern Pharma велокомандасының өкілі Ивáн Кобоға бұйырды. Сондай-ақ елордалық команданың тағы бір велошабандозы Симоне Веласко жарысты белсенді өткізді. Ерте шабуылдаған ол спринтте мықтылық танытып, 3-орынға ие болды.

– "Мен қарсы шабуылға шықтым. Ал одан кейін Кристианның шешуші шабуылы өтті. Өзім топта қалып, күшімді спринтке сақтап қалдым. Соңында бәрі сәтті аяқталды. Бүгін біздің команда өте тамаша өнер көрсетті", – деді Веласко.

Айта кетейік, "Джиро делла Романья" биыл 21 қыркүйек күні өтті. UCI 1.1 санатындағы беделді біркүндіктің жарыс жолының ұзақтығы шамамен 197 шақырымды қамтыды. Жол бойында спортшылар 2300 метр биіктікке көтерілді. Жарыс Италияның Луго қаласынан басталып, Терра-дель-Соле шаһарында мәресіне жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу