Astana велошабандозы Қытай чемпионатында күміс медаль еншіледі

247

Жарыс Қытайдағы Ордос мәдени индустрия паркі аумағында өтті. 

Astana велошабандозы Қытай чемпионатында күміс медаль еншіледі Фото: XDS Astana Team

XDS Astana Team командасының велошабандозы Хаоюй Су Қытай чемпионатында жекелей жарыста күміс жүлдеге ие болды. Бұл оның ұлттық біріншіліктегі ең үздік көрсеткіші.

Велошабандоздар 38,6 шақырымдық қашықтықты еңсерді. Жол бағыты былтырғы жарыспен ұқсас –биіктігі шамамен 1 300 метр болатын таулы өңірде өтті.

– Жарыс өткен жылғыдай болды. 40 шақырымдық  трасса. Командалық оқу-жаттығу жиыны дәл осындай биіктікте өтіп, бүгінгі нәтижеме айтарлықтай көмектесті. Алекс (Даусетт) мен үшін керемет орын таңдап берді. Соның арқасында аз кедергімен көбірек күш жұмсадым. Бүгін жарыс тактикасын толық ұстанып, бар күшімді сарп еттім. Алғашқы орыннан небәрі төрт секунд қалып қойғаным аздап өкінішті, бірақ қай тұста жұмыс істеу керектігін білемін. Алдағы уақытта прогресс жасап, реванш алуға тырысамын, – деді Хаоюй Су жарыстан кейінгі сұхбатында. 

Айта кетейік, бүгін 24 маусым XDS Astana Team командасы италиялық біркүндік "Джиро делл’Аппеннино" жарысына қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу