"Астана" велошабандозы Швейцариядағы жарыста жеңіске жетті

289

29 сәуір – 4 мамыр аралығында Швейцарияда "Романдия Туры" көпкүндігі өтуде.  

"Астана" велошабандозы Швейцариядағы жарыста жеңіске жетті Фото: XDS Astana Team

Лоренцо Фортунато XDS Astana Team командасына жаңа маусымдағы Әлемдік Тур жарыстарындағы кезекті жеңісті сыйлады.

Ол Швейцарияда өтіп жатқан көпкүндік "Романдия Туры" жарысының екінші кезеңінде Ла-Гран-Бероштағы мәреде жеңіске жетті.

Жарыс аяқталуға шамамен 24 шақырым қалғанда фавориттер тобынан 5 велошабандоздан құралған топ бөлініп шықты. Олардың қатарында Фортунато да болды. Бұл топ 1 минуттық басымдыққа ие болып, кезең аяқталғанға дейін сақтап қалды. 

Сайыс аяқталуға 1 шақырым қалғанда шабуылға шыққан XDS Astana Team өкілі жеке-дара көш бастап, нәтижесінде жеңіс тойын тойлады. 

Қуғыншылар тобы жеңімпаздан 56 секундтан кейін кезеңді аяқтады. Осы топта болған XDS Astana Team шабандозы Харольд Техада 7-нәтиже көрсетті. 

 Соңғы өрлеуден кейін көшбасшы топта көп адам болмады. Сондықтан шабуылдар басталғанда мен де бағымды сынап көрдім және ақырында біз бесеуіміз алға шықтық. Сол сәтте мен жалпы есепте барынша уақыт ұту туралы ғана ойладым. Бірақ, мәреге жақындаған кезде бізді енді қуып жете алмайтынын түсіндік. Сондықтан жеңісті өз арамызда сарапқа салатынымыз белгілі болды. Тәуекелге барып, мәреге бір шақырым қалғанда шабуылдауды ұйғардым. Не жеңемін, не топтағы соңғы орынды аламын деп шештім. Бәрі ойдағыдай өтті. Жеңіске жеттім. Бұл менің мансабымдағы маңызды жеңіс. Оны XDS Astana Team командасына арнаймын",  деді Лоренцо Фортунато.

Осы кезеңнің нәтижесінде Лоренцо Фортунато жалпы есепте 4-орынға көтерілді, ал елордалық тағы бір шабандоз Харольд Техада 10-орынға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу