"Астана" жаңа ойыншымен толықты

382

"Астана" футбол клубы албаниялық жартылай қорғаушы Назми Грипшимен 2 жыл мерзімге келісімшарт жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана" жаңа ойыншымен толықты Фото: «Астана» футбол клубы

Назми Албанияның тумасы. 26 жастағы аяқдопшы мансабының көп бөлігін "Астана" 2023/24 жылғы маусымда УЕФА Конференциялар лигасында кездескен "Балканиде" өткізді. Ол шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды, оң әрі сол қанат шабуылшысы ретінде өнер көрсете алады.

Назми Косоволық командасы сапында 31 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. "Скендербеу" қатарында 14 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt албаниялық ойыншының нарықтық құнын 550 мың еуроға (280 миллион теңге) бағалап отыр. Бұл беделді порталдың мәліметінше, Грипши елордалық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу