"Астана" "Жетісудан" басым түсті

1385

Елордалық команда күміс жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды.

"Астана" "Жетісудан" басым түсті

"Астана" Премьер-лиганың 21-туры матчында "Жетісуды" жеңді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голдың авторы төртінші минутта көзге түскен талдықорғандық команданың беларусь қорғаушысы Андрей Залески болды. 61-минутта Марин Томасов есепті теңестірді. Содан кейін Кипр құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириу 81-ші минутта жеңіс голын соқты. Үш ұпайға ие болған "Астана" 33 ұпаймен үшінші орында тұр. "Жетісу" 25 ұпаймен жетінші орында қала берді.

Сонымен қатар бүгін қызылордалық "Қайсар" "Қызыл-Жар СК" командасына есе жіберді. Кездесу Талғар қаласында өтіп, 2:1 есебімен номиналды қонақтардың пайдасына аяқталды. Алғашқы голды 20-минутта "Қызыл-Жар" футболшысы Максим Скорых соқты. Қызылордалықтар 44-минутта Елжас Алтынбековтің дәл соққысымен жауап берді. Үзілістен кейін, 79-минутта, Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым "Қызыл-Жар СК-ға" жеңіс әкелді. "Қайсар" үшін бұл чемпионаттағы соңғы матч болса, "Қызыл-Жар СК" маусымның соңғы ойынын "Астанамен" 30 қарашада өткізеді.

Қазақстан Премьер-лигасының 21-тур матчында "Шахтер" "Каспийді" ірі есеппен жеңді. Кездесу 4:0 есебімен қарағандылық ​​клубтың пайдасына аяқталды.

Үш голды бірінші таймда "Шахтер" ойыншылары соқты. Алдымен, 18-минутта есепті ресейлік жартылай қорғаушы Арсен Хубулов ашты. 27-минутта қазақстандық шабуылшы Айдос Таттыбаев есепті еселей түсті. 38 минутта Хубулов дубль жасады. Кездесудің нүктесі 89-минутта қойылды. Ақтау командасына қарсы төртінші голды қазақстандық жартылай қорғаушы Жан-Али Пируз соқты.

Үш ұпай жинаған "Шахтер" турнир кестесіндегі бесінші орыннан төртінші орынға көтеріліп, "Ордабасыны" еуропалық жарыс аймағынан ығыстырды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу