Астанада 1700 адам қатысатын жаппай жүгіру жарысы өтеді

108

6,2 шақырымдық жарысқа қатысу тегін, ал үздіксіз тіркелгендер арасында 10 велосипед ойнатылады.  

Астанада 1700 адам қатысатын жаппай жүгіру жарысы өтеді Фото: visitastana.kz

Астанада 15 тамыз – Спорт күніне орай "ALMATY RUN" жаппай жүгіру жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында өтетіні елорда әкімдігінің ресми сайтында жазылды.

Жарыстың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын спортпен тұрақты айналысуға тарту.

Жарыс Триатлон саябағында өтеді. Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықты бағындырады. Жүгіру сағат 08:00-де басталады.

Қатысу тегін. Онлайн тіркеу 12 тамызда сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында ашылады. Қатысушылар саны 1700 адаммен шектеледі. Лимитке жеткен соң тіркеу автоматты түрде тоқтатылады.

15 тамыз күні сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін тіркелген қатысушыларға жарыс басталатын жерде лотерея билеттері таратылады.

Жарыс алдында танымал спортшының қатысуымен жалпы дене қыздыру жаттығуы өтеді. Ал спорттық бағдарлама аяқталған соң қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.

Іс-шараны Астана әкімдігі, елорданың Алматы ауданының әкімдігі және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу