Бүгін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Сингапурде өткен World Aquatics конгресіне осы ұйымның президенті әрі Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры Хуссейн Әл-Мусалламның арнайы шақыруымен қатысты.
Конгресс аясында Silk Road–2026 жүзуден Әлем кубогының кезеңдері қайда өтетіні белгілі болды:
І кезең – Баку, Әзербайжан
ІІ кезең – Ташкент, Өзбекстан
ІІІ, шешуші кезең – Астана, Қазақстан
Ел тарихында Астана алғаш рет мұндай ірі халықаралық турнирге иелік етеді. Жарысқа Олимпиада чемпиондары мен әлем рекордшылары қатысады.
Кезеңдердің нақты қай уақытта өтетіні кейінірек жарияланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу