Астана қаласында дзюдодан беделді Grand Slam әлемдік рейтингтік турнирі өтеді. Халықаралық жарыс елімізде үшінші рет ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Байрақты бәсеке 9-11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Турнирге әлемнің ең үздік дзюдошылары қатысады деп күтілуде.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережелеріне сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша спортшыларға әлемдік және олимпиадалық рейтингке ұпайлар беріледі. Бірінші орынға – 1000, екінші орынға – 700, ал үшінші орынға – 500 ұпай тағайындалады.
Бұған дейін 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы IJF-пен төрт жылдық келісімшартқа қол қойып, Grand Slam сериясының турнирлерін елімізде өткізу құқығына ие болған еді.