Атап айтқанда, бірінші орын алған спортшыға – 1000 ұпай, екінші орынға – 700 ұпай, ал үшінші орынға – 500 ұпай жазылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Турнир 8-10 мамыр аралығында өтеді. Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды.
Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем және құрлық чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары қатысады деп күтіліп отыр.
Айта кетсек, Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 2023 жылы қол қойған екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.
Сондай-ақ 2027 жылы Астана қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.