Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz телеграм-каналына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізуде. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу