Астанада көлікті аулаға қоюға тыйым салынбақшы

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
1744

Алғашқы жобаны "Құлагер" тұрғын үй кешенінде іске асыру жоспарлануда.

Астанада көлікті аулаға қоюға тыйым салынбақшы

Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Ол қаланы аралау аясында іске асырылуы тиіс бірқатар жобаны ойластырғанын айтты.

"Құлагер" ТК-нің 2 және 4 үйлерінің аумағындағы алаңға толығымен асфальт төселеді, ол жер көлік тұрағы болады. Аулаға көлікті кіргізіп қоюға тыйым салатын шлагбаум орнатуға ТҚШ арқылы тұрғындармен келіссек дейміз. Аулаға балалар ойнайтын және спорт алаңдарын жасақтаймыз, шағын саябақтар жасаймыз", – деп жазды Әсет Исекешев.

Еске сала кетсек, кейбір тұрғындар бөтен көліктің кіруіне жол бермеу үшін аулаларға қоршау мен шлагбаумдар орнатып жүр. Бұл бір жағынан, өздеріне тегін көлік тұрақты қамтамасыз етсе, екінші жағынан, "Жедел жәрдем", ТЖ және өзге қызмет көліктеріне ғимаратқа еш кедергісіз жылдам кіруін қиындатады. Осыған орай, әдетте, мұндай шлагбаумдар алынып тасталады.

Сонымен қатар әкім тағы бір өзекті мәселені – ораміші өтпе жолдар мәселесін шешу мүмкіндігі туралы айтты.

"Биыл Есіл ауданында 18 өтпе жол жасаймыз. Бүгін "Инфинити" ТК үйлерінің маңындағы жұмыс барысын қарап шықтым. Мамыр айында барлық өтпе жолдар құрылысы аяқталып, асфальт төселеді", – деп баса айтты ол.

Одан бөлек, Әсет Исекешев аса маңызды жоба – Қабанбай батыр даңғылының бойымен, Сығанақ көшесінен "ЕХРО" көремесіне дейін созылып жатқан ені 4,5 метр жаяужол (жаяу жүргіншілер үшін 3 метр және велосипедшілер үшін 1,5 метр) туралы да сөз қозғады.

Жанболат Мамышев, Әйгерім Сүлейменова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу