Астанадағы "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешенінде 24-30 мамыр аралығында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астананың атынан жарыста еркін күресте 20, грек-рим түрінен 15 және әйелдер арасында 6 палуан қатысады.
Биылғы турнирде Қазақстанды халықаралық ареналарда танытқан танымал спортшылар да өнер көрсетеді. Жарыстың негізгі мақсаты – алдағы әлем чемпионаттарына қатысуға үміткер болатын ұлттық құрама спортшыларын іріктеу.
Іс-шара бағдарламасы:
24 мамыр, сағат 10:00 – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы ("Qazaqstan" спорт кешені);
24 мамыр, сағат 17:30 – жарыстың салтанатты ашылуы.
Ашылу рәсімінен кейін палуандар бірден жарысқа шығады.
25-30 мамыр аралығында жекпе-жектер күн сайын сағат 10:30-да басталады.
Көрермендер үшін кіру тегін.
Турнирді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, "Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы" қоғамдық бірлестігі Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады.