Астанада Президент кубогі басталды

939

Belline Arena ұлттық теннис орталығында теннистен дәстүрлі Президент кубогі халықаралық турнирі басталды.

Астанада Президент кубогі басталды

Алдымен ATP Challenger Tour сериясы бойынша ерлер сынға түседі. Негізгі турнирде қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізеді. Дмитрий Попко түркиялық Ақсу Чингизбен, Денис Евсеев жаңазеландиялық Рай Аджитпен, Тимур Мәуленов Польша өкілі Филипп Пиливомен, Ислам Орынбасар үндістандық Дев Прджвалмен ойнайды.

Жарысқа арнайы шақырту алған Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайысында тәжірибелі өзбекстандық Денис Истоминмен, Виталий Зацепин белоруссиялық Егор Герасимовпен, Григорий Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің жұптық сында да қарсыластары белгілі болды. Президент кубогі 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Әр жылдары қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гарростың жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер үздік шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу