Астанада Президент кубогі үшін теннистен халықаралық турнирлер өтеді

970

Биыл Президент кубогінде ел намысын ерлер арасында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенколар қорғайды.

Астанада Президент кубогі үшін теннистен халықаралық турнирлер өтеді

23 шілде – 6 тамыз аралығында Астанада Президент кубогі Forte Series аясында Beeline arena Ұлттық теннис орталығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз өызметі мәлімдеді.

Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар өнер көрсетеді. Бұл, әсіресе, жас теннисшілер үшін жақсы мүмкіндік.

Дәреже-деңгейі жоғары жарыста кезінде қазір әлемдегі үздік теннисшілердің қатарына кіретін Даниил Медведев (ATP №3), Андрей Рублев (ATP №7), Карен Хачанов (ATP №11), Себастьян Корда (ATP № 28), Роман Сафиуллин (АТР №43), Миомир Кецманович (ATP № 44), Макс Перселл (АТР №71) және басқа спортшылар бақ сынады.

Президент кубогі 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Әр жылдары қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гарростың жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер үздік шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу