Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталды

599

Астанада "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" басшысы Елжас Отыншиев ұсталды.

Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталды Фото: ЖИ

Тиісті ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2026 жылғы 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Н.Жақыповты, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Е.Отыншиевті және басқа да тұлғаларды ұстады. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, 48 жастағы Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазынаны" 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап басқарады. Ал 39 жастағы Елжас Отыншиевтің "ҚТЖ" басқарма төрағасы лауазымына кіріскеніне көп бола қойған жоқ. Басшылыққа осы жылдың шілдесінде ғана келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу