Астанада шахматтан клубтық әлем чемпионаты өтеді

332

Турнирдің жалпы жүлде қоры — 350 000 еуро.

Астанада шахматтан клубтық әлем чемпионаты өтеді Фото: canva.com

1-6 тамыз аралығында Астанада рапид пен блицтан клубтық әлем чемпионаты өтеді. Жарысты FIDE қолдауымен Қазақстанның шахмат федерациясы ұйымдастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Турнирге әртүрлі елдерден 30-дан астам клуб қатысады, қатысушылар саны — 300-ге жуық.

Олардың арасында қазіргі әлем чемпиондары Дин Лижен (Қытай) және Джу Вэньцзюнь (Қытай), шахматтан 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия), бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюк (Швейцария) және Хоу Ифань (Қытай), әлемнің вице-чемпионы Ян Непомнящий (Ресей), Арджун Эригаси (Үндістан), 2022 жылғы шахмат олимпиадасының жеңімпазы Нодирбек Абдусатторов (Өзбекстан) және әлемнің өзге де көптеген шахматшылары бар.

Әлем чемпионаты Астананың Конгресс-орталығында өтеді.

Бәсекеден дүние жүзіндегі ең ірі ақпарат агенттіктері хабар таратады және оларды әлемнің 200-ден астам елінен келген шахмат әуесқойлары бақылайды.

FIDE World Team Rapid and Blitz Championships ашылу салтанаты 1 тамызда Астана амфитеатрында өтеді. 

Ол 45-ші шахмат олимпиадасының алауын жағу рәсімімен біріктіріледі.

Чемпионат екі жарыстан тұрады — рапид және блиц.

Турнирдің жалпы жүлде қоры — 350 000 еуро.

Оның 250 000 еуросы — рапидке, ал 100 000 еуросы — блицке кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу