Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

309

Жарыс нәтижесі бойынша алдағы маусымға Ұлттық команда жасақталады.

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр Фото: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Астана қаласында ересектер арасындағы шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ел чемпионатында Әділ Ғалиахметов пен Алина Ажғалиева шорт-тректен тағы да жүлдеге қол жеткізді.

"Алау" мұзайдыны сарайындағы бәсеке барысында Қазақстан командасының бапкерлер штабы 2026-2027 жылғы маусымда халықаралық турнирлерге қатысатын Ұлттық құраманы жасақтайды.

Еліміздің таңдаулы спортшылары кезекті жүлдені сарапқа салды.

Ерлер, 1000 метр:

  • Әділ Ғалиахметов – Астана қаласы
  • Айбек Темірхан – Шымкент қаласы
  • Максим Саенко – Солтүстік Қазақстан облысы

Әйелдер, 1000 метр:

  • Алина Ажғалиева – Батыс Қазақстан облысы
  • Зейнеп Құмарқан – Шығыс Қазақстан облысы
  • Гүлдана Жалмұқан – Батыс Қазақстан облысы

Аралас эстафета, 2000 метр:

  • Қостанай облысы
  • Алматы қаласы
  • Астана қаласы
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу