Астанада теннистен ел чемпионаты өтіп жатыр

450

Айта кетейік, ел чемпионатының марапаттау рәсімі 22 қыркүйек күніне жоспарланған.

Астанада теннистен ел чемпионаты өтіп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Теннистен "Дәулет" спорт кешенінде дәстүрлі ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Біріншілік 23 қыркүйекке дейін өтеді. 1 аптаға жалғасатын бәсекеде ерлер арасында 68 қатысушы тіркелсе, әйелдерде 41 спортшы бас жүлдені сарапқа салады. Жалпы турнирге еліміздің 13 өңірінен теннисшілер бас қосты.

"Теннис еліміздің барлық өңірінде дамып келеді деп айтуға болады. Жазғы мен қысқы біріншілік 2 жылда бір рет ұйымдастырылады. Жазғы чемпионаттың қыркүйекте өткізіліп жатқандығының бір себебі – жарыс күнтізбелеріне сәйкес, осы уақыт қолайлы деп санадық. Кейінгі жылдары чемпионат Астана қаласында тұрақты өтуде. Өйткені алаңдар көп және ыңғайлы. Жалпы, Алматы, Астана, Шымкент қалалары ірі жарыстарды қабылдай алады. Алдағы аптада Алматыда халықаралық ATP 250 турнирі жоспарлағандықтан, "Дәулет" спорт кешені жазғы чемпионатқа қолайлы болды.

Жалпы 1 жылдың ішінде барлық жасты қосқанда 140-тан астам турнир өтеді. Қазіргі сәтте көптеген қалаларда да корттар салынып, жыл сайын чемпионатқа жаңа қалалардан келуде. Мысалы, Ақтау, Атырау, Қарағанды т.б. қалаларда корттар салынып, жергілікті спортшылар дайындалуға мүмкіндік алады", – деді жарыстың бас төрешісі Әмір Жақыпов.

Жазғы чемпионатта ұлттық құраманың мүшелері Григорий Ломакин, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева, Аружан Сағындықова қатысып, доданың басты фавориттері саналады.

Жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрап, жеке сайыста чемпион атанған теннисші 500 мың теңгеге иелік етсе, жұптық сындағы жеңімпаз 300 мың теңге сыйақы алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу