ҚР ҰОК штаб-пәтерінде өткен кездесуге ISSA Бас хатшысы Насер Маджали мырза мен Қазақстан ҰОК тарапынан ҰОК Президентінің Кеңесшісі Әлімжан Ақаев қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Басқосуда талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – 2025 жылдың қарашасында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарын ұйымдастыру.
Қазіргі таңда спорттық сайыстың бағдарламасы жасақталып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша жарыс спорттың 20 түрінен өтеді.
Сондай-ақ кездесу барысында ISSF қызметінің жаңа стратегиясы талқыланды. Мұндағы басымдық спорттық бағдарламадан басқа исламдық ойындар мәдениеті мен білім беруді дамытуға және барлық қатысушы арасында жаңа байланыс құруға берілген.