Назарбаев университетінен басталған эстафета Қабанбай батыр даңғылы арқылы Бәйтерекке дейін, артынша Бәйтеректен оң жағалаудағы қала әкімдігінің алдындағы алаңға дейін жалғасады.
Эстафетаның жалпы ұзындығы 12 шақырым болса, алауды ұзын саны 60 адам алып жүреді. Олардың арасында атақты спортшылармен қатар елорданың қоғам қайраткерлері де бар.
Сонымен республиканың барлық өңірін санағанда Универсиада алауы 22500 шақырым жол жүріп өтпек.
Астанадағы шарада алау ұстаушылардың қатарында бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алтын медаль иегері Данияр Елеусінов, 2015 жылы "Астана Арланс" құрамында әлем чемпионы, 2009 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері боксшы Василий Левит бар.
Сонымен қатар алау ұстаушылардың арасында кір тасы спортынан 2014 жылғы әлем кубогының күміс жүлдегері, 2012 жылғы жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы, 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әлібек Наурызбайұлы мен джиу-джитсудан 2016 жылы Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, "Arlan Grip Selection" халықаралық турнирінің чемпионы Мөлдір Мергенбаева және шахматтан 18 жасқа дейінгі әлем чемпионы, әлемнің 12, 15 жасқа дейінгі вице-чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін абсолютті чемпионы Динара Сәдуақасова да бар.
Алматыдағы эстафетада Астананың атынан сынға түскен хоккейші, "Барыс" қорғаушысы, 2015 жылғы әлем чемпионы Мадияр Ыбырайымбеков бармақ.
Шара ертең Солтүстік Қазақстандағы төрт облыстың орталығы мен Өскеменде ұйымдастырылса, арғы күні батыстағы төрт облыс орталығында, 28 қаңтарда оңтүстікте, ал 29 қаңтарда Алматыға жеткізіледі. 28-інші Қысқы универсиада астанасына жеткеннен кейін алау ҚазҰУ-да тұтатылып, Шымбұлақ, Медеу, Балуан Шолақ секілді шаһардың спорттық және мәдени орындары мен қала көшелері арқылы "Алматы-Арена" стадионында мәреге жетеді.