Астанада үш жаңа өндіріс орны ашылды

187

Елорда күні қарсаңында Астананың №1 Индустриялық паркінде қаланың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту аясында жүзеге асырылған үш жаңа өндіріс орны пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Астанада үш жаңа өндіріс орны ашылды Фото: Астана әкімдігі

Ашылған кәсіпорындардың бірі – пластикалық медициналық бұйымдар шығаратын Heart Center Foundations зауыты. Жобаға 4,155 млрд теңге инвестиция тартылып, 54 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына орта есеппен 12 млн дана өнім шығаруға арналған.

Екінші жоба – жылу агрегаттарын өндіретін Nomad Tech Engineering зауыты. Бұл жобаға 2 млрд теңге инвестиция салынып, жаңадан 40 жұмыс орны құрылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына орта есеппен 19 өнімді құрайды.

Сондай-ақ полипропиленнен блокты-модульді тазарту құрылысын (ЛОС, КОС, КНС) шығаратын TAZAU зауыты жұмысын бастады. Жобаны іске асыруға 510 млн теңге инвестиция құйылып, 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жылына шамамен 200 өнім өндіруге қауқарлы. №1 Индустриялық паркте жаңа өндірістердің іске қосылуы елорданың өңдеу өнеркәсібінің дамуына, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу