Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

342

Бүгін Астанада өтіп жатқан үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті Фото: Қазақстан үстел теннис федерациясы

Ерлер арасындағы жекелей сында жапондық спортшы Томокадзу Харимото чемпион атанса, Солтүстік Корея спортшысы Ким Кум Ен әйелдер арасында жекелей сында топ жарды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әйелдер арасындағы командалық бәсекеде Жапония жеңімпаз атанса, Қытай құрамасы екінші орын иеленді. Ал, ерлер арасындағы командалық бәсекеде Қытай құрамасы чемпион болды.

Қазақстан ерлер командасы 7-8 орын үшін сайыста Иранды 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалда Үндістанға жол берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу