Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин бапкерлер Эльмира Алиева, Геннадий Герасименко және спортшылар Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұловпен кездесіп, Сауд Арабиясында өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында командалық және жекелей сында жеңіп алған алтын медальдары үшін жалпы сомасы 12 млн теңге болатын сыйақы сертификаттарын табыстады.
"Бұл жетістік – заңды нәтиже. Ол сіздердің орасан еңбектеріңіздің жемісі. Турнир бойы жеңіске деген жігерді, кәсібилікті және нағыз спорттық мінезді көрсеттіңіздер. Жеткен жетістікпен тоқтап қалмай, спорттық шеберлікті одан әрі шыңдап, медальдар жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінулеріңізге тілектеспін! – деді Данияр Абулғазин.
Сондай-ақ спортшы Кирилл Герасименко жанкүйерлер мен еліміздің үстел теннисі федерациясына алғысын білдірді.
Сауд Арабиясында біз бүкіл Қазақстанның қолдауын сезіндік және ел үмітін ақтауға тырыстық. Ислам ынтымақтастығы ойындарына дайындық барысында жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан үстел теннисі федерациясының басшылығына үлкен алғыс айтамыз. Сондай-ақ федерацияның спорт түрін дамытуға, материалдық-техникалық базаны жақсартуға, фармакология мен витаминдермен қамтамасыз етуге және ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға қосқан үлесі спортшылардың шеберлігін арттырып, әлемдік деңгейде тұрақты нәтиже көрсетуге үлкен серпін береді, – деді Кирилл Герасименко.