Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді

133

Ел біріншілігінде ұлттық құрамаға үміткерлер анықталып, тәжірибелі спортшылар Азия ойындарына дайындықтарын пысықтайды.  

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді Фото: olympic.kz

27–31 шілде аралығында Астанада велотректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ел біріншілігін елордадағы "Сарыарқа" велотрегі қабылдайды.

Велоспорт федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс жас спортшылар үшін Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеудің маңызды кезеңі болмақ. Ал тәжірибелі велошабандоздар бұл чемпионатта 2026 жылғы Азия ойындары алдындағы дайындық деңгейін пысықтайды.

Елдің үздік велошабандоздары бас қосатын додада қатысушылар ұлттық чемпион атағы үшін ғана емес, халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігі үшін де бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу