Астанада жаңбыр жауған сайын бизнеске мүмкіндік туады

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3209

91-АС машиналар жаңбырдан соң іркілген суды дереу соруға шығатын болып жүр.

Астанада жаңбыр жауған сайын бизнеске мүмкіндік туады

18 шілде күні елордада қатты жаңбыр жауды. Бұл – жаңбырдан соң жұмысы көбейетін ассенизаторлық машина иелері үшін тиімді болды.

Астанада жиналған суды ағызатын арнайы торлар мен люк бар, бірақ оған  суды сыпырғышпен және басқа да құралдардың көмегімен жеткізу керек. Сондай-ақ арықтарда жиналған су ас-машиналардың көмегімен сорылады.

Астана ресми сайты қалалық "Астана Тазалық" ЖШС-ға сілтеме жасап, Алматы ауданында күндізгі ауысымда 37 ас-машина және екі мотопомпа жұмыс істегенін мәлімдеді. Арнайы техникалар да жеке секторда қызмет көрсетті.

"Сарыарқа" ауданының аумағында жаңбыр суын сорып алу үшін 16 ас техникасы жұмылдырылған. Жұмыс екі ауысымда жүргізілуде. Оған қоса Өндіріс тұрғын кешенінде күн сайын топырақ суларын сорып алу жұмысы атқарылып жатыр.

Есіл ауданында жаңбырдың салдарымен күресуге 38 ас техника көлігі кірісті. Бұл ауданда қалған екі ауданмен салыстырғанда халық аз қоныстанған, дегенмен ең көп көлік осы аумаққа тартылды. Бұған таң қалатын ештеңе жоқ, себебі Мәңгілік ел (бұрынғы Орынбор) және Ақорда, Жоғары сот, Қазақстан парламенті мен үкіметіне апаратын Қонаев көшесінің орталық қиылысында жаңбыр жауған сайын шалшық су жиналып қалады. Соның салдарынан өтіп жатқан көліктер бұзылып, мемлекеттік нөмірін жоғалтып жатады, ал жолаушылар көшені қиып өту үшін киімін кірлетеді.

Айта кету керек, Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан (Есіл ауданы) Шұбар шағынауданы бұрыннан бері жекеменшік сектор болып табылады және дәл осы жерге әжетқұдықтарды тазалау үшін ас-көліктер қажет.

"Қаланың коммуналды қызметі нөсердің салдарын мүмкіндігінше қалпына келтіріп жатыр. Суды сорып алу және су деңгейінің көтерілуін алдын алуға бағытталған жұмыс үздіксіз атқарылуда. Қала билігі тұрғындар мен қонақтарға төтенше жағдай орын алған жағдайда "109" қызметіне хабарласуға кеңес береді", – деп хабарлайды Астана сайты.

"Қазгидромет" орталығының хабаралауынша, алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 19 шілде күні күн құбылмалы болады деп болжануда, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстіктен жел соғады, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +11+13 градусты құрайды, ал күндіз ауа-райы +22+24 градусқа дейін ысиды.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу