Астанадан 3 бөлмелі пәтер: Дзюдо федерациясы Елдос, Ғұсман, Абибаны марапаттады

1502

Спортшылармыз Астанада сыйға бөленді.

Астанадан 3 бөлмелі пәтер: Дзюдо федерациясы Елдос, Ғұсман, Абибаны марапаттады Фото: Елдос Сметовтың парақшасынан

Алматыда Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен дзюдодан Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапатталды. Марапатталғандардың ішінде бапкерлері де бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Қазақстаннан дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевтың жүлдесі біздің спортымыздың мерейін өсірді. Чемпиондарды дайындаған құраманың әрбір жаттықтырушысы мен құрама мүшелерін керемет жетістікпен құттықтаймын және еңбектеріңізге бас иемін!", –  деп Федерация президенті марапаттау рәсімін алғыс айтумен бастады.

Дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовқа Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер кілті, ал Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді. Сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Олимпиада ойындарында 5-орынға тұрақтаған Әбиба Әбужақыноваға 5 млн теңгенің сертифкаты табысталды. Спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құраманың әрбір жаттықтырушысына, ғылыми-кешенді топ өкілдеріне тиісті дәрежеде құрмет көрсетілді.

Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов 3 миллион теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев – 2 млн теңге, ал консультант-тренер Стефано Трено 3 миллион теңге сертификатымен марапатталды.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев және Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевтың жеке жаттықтырушысы Ермек Насиев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Әбужақынованың жеке жаттықтырушысы Мейржан Есмағанбетовке 3 млн теңге сертификаты табысталды.

Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Ғайнулла Есенғалиев – 2 млн теңге, әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Ермек Насиев – 1 млн теңге, консультант-тренер Мондекс Ксавье Бруно – 2 млн теңге, ал ерлер құрамасының жаттықтырушылары Еркебұлан Қосаев пен Елдос Жұмақанов әрқайсысы 2 млн теңге сертификаттарына ие болды.

Сонымен қатар, ұлттық құрама команданың ғылыми-кешенді топ өкілдері, атап айтқанда, дәрігері Ахмед Гасанов, массажистер Сайлау Ерғали мен Сайранға да ақшалай сертификаттар табысталды.

Айта кетерлігі, дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасынан Париж Олимпиадасына барлығы 8 дзюдошы қатысып, екі медаль ұтып алған болатын. Елдос Сметов – Олимпиада чемпионы болса, Ғұсман Қырғызбаев – Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді. Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын 122 ел ішінде 7-орынмен қорытындылаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу