Астанаға Новак Джокович келеді

1520

Санаулы күндерден соң елордада ATP 500 турнирі басталады.

Астанаға Новак Джокович келеді

"Үлкен дулыға" турнирінің 21 мәрте чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың арнайы шақыртуымен Астанада 1-9 қазанда өтетін ATP 500 жарысында ойнайды. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, сербиялық спортшы 23-25 қыркүйекте Лондонда өтетін Лэйвер кубогына қатысады. Содан кейін елордаға келеді. 

Сонымен қатар Astana Open додасында "Үлкен дулыға" турнирінің әр жылғы чемпиондары, әлемдік теннис жұлдыздары Карлос Алькарас (1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC) және Энди Маррей (WC) өнер көрсетеді. Сондай-ақ тізімде Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублев (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№10 АТР), Янник Синнер (№11 АТР), Феликс Оже-Альяссим (№13 АТР), Диего Шварцман (№17 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР), Григор Димитров (№23 АТР), Гаэль Монфис (№32 АТР) және басқалар бар.

Жұптық сында да мықты ойыншылар жеткілікті. "Үлкен дулыға" жарысының жеңімпаздары: Джо Солсбери (1 АТР), Раджив Рам (2 АТР), Нил Скупски (3 АТР), Весли Колхоф (4 АТР), Жан-Жюльен Ройер (5 АТР), Марсело Аревало (6 АТР), Олимпиада чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павич, колумбиялықтар Роберт Фарах – Хуан Себастьян Кабаль кортқа шықпақ.

Осындай жоғары деңгейде елімізде алғаш рет өтетін айтулы додада ең мықты ойыншылар бас қоспақ. Ал қазақстандық теннисшілерден ел намысын Александр Бублик, Михаил Кукушкин (ДК), жұптық сайыста Андрей Голубев пен Александр Недовесов қорғайды. Бұл ATP 500 сериясы бойынша 13-турнир болмақ. Жарыстың жеңімпазы қомақты жүлдеге қоса, 500 рейтингілік ұпайға ие болады.

Ермұхамед Мәулен  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу