Астаналық гимнастшылар Таразда өткен чемпионатта 11 алтын медаль жеңіп алды

222

Республикалық деңгейдегі жарысқа елордалық спортшылармен қатар Алматы, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда және Петропавл өңірлерінен жас гимнасшылар қатысты. 

Астаналық гимнастшылар Таразда өткен чемпионатта 11 алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Астана қаласы әкімдігінің "№1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің" көркем гимнастика бөлімінің спортшылары Тараз қаласында өткен ашық чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, жалпы 27 жүлде иеленді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Астаналық жас дарындар әр жас ерекшелігі бойынша жекелей және топтық бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, көркем гимнастикада жоғары шеберліктерін тағы бір дәлелдеді.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 11 алтын, 6 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, №1 мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің "Тұмар" және "Мерей" топтары командалық есепте үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орындарды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу