Астаналық өнертапқыш керемет трекер ойлап тапты

15342

Отбасында болған қайғылы жағдай астаналық инженер Евгений Щербатовқа берік, су өткізбейтін, батареясының қуаты ұзаққа жететін әрі қалтаға сыйымды трекер жасап шығару туралы ой тастаған болатын.

Астаналық өнертапқыш керемет трекер ойлап тапты  Фото: bnews.kz

Бұл туралы BNews.kz жазды. "Мангуст" деп аталатын трекер су астында да жұмыс істейді, энергиялық жағынан тиімді, өте ыңғайлы және қауіпсіз. Мобильді байланыс бар әлемнің кез-келген жерінде жұмыс істейді. Жоғары дәлдікке ие, тіпті сауда орталықтары мен жертөледе болсын, тұрған орнын айқын көрсетеді. 

Сонымен қатар оны қолдану өте оңай әрі мүгедек жандардың пайдалануына да ыңғайлы.
Трекердің адамның тұрған жерін қадағалауға мүмкіндік беретін көп функционалды қосымшасы да бар. Қазірдің өзінде  Сан-Франциско қаласының аутист-балалар қауымдастығынан үлкен тапсырыс түскен. Елімізде трекерге  "Қазпошта" АҚ қызығушылық танытып отыр. Олар мұны сәлемдеменің жеткізілуін қадағалауға пайдаланбақшы. Жобаның құны –18,8 млн теңге. Инвестицияның 90%-ын "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ құйған. Агенттіктің баспасөз-қызметінің ақпаратына сүйенсек, елімізде 600-ден астам азамат "Мангуст" трекеріне тапсырыс берген.

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу