Астаналық пара шахматшылар әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

255

Үндістанның Гоа қаласында 19-29 шілде аралығында тірек қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында классикалық шахматтан әлем чемпионаты өтті,  

Астаналық пара шахматшылар әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды Фото: Астана әкімдігі

Халықаралық додада 18 елден келген 100-ге жуық спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғаған астаналық спортшылар – Бақытжан Майкенов пен Айғаным Қамбарова жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

  • Бақытжан Майкенов классикалық шахматтан күміс жүлдеге ие болды.
  • Айғаным Қамбарова блиц және рапид санаттары бойынша екі бірдей күміс медаль жеңіп алды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу