Астаналық велошабандоз "Венгрия турында" топ жарды

243

Харольд Мартин Лопес "Венгрия турының" тау бөктерінде өткен үшінші кезеңінде жеңіске жетті.

Астаналық велошабандоз "Венгрия турында" топ жарды Фото: XDS Astana Team

Биыл 46-мәрте ұйымдастырылып жатқан "Венгрия туры"  веложарысына 21 команда қатысуда. Оның ішінде елордалық ұжым да бар. 

Көпкүндіктің алғашқы күнінен бастап жарыс жолына 126 велошабандоз шықты. Бүгін, Гёдёллё → Кекештето (163 км) бағыты бойынша өткен 3-кезеңде қазақстандық XDS Astana Team командасының велошабандозы Харольд Мартин Лопес керемет өнер көрсетіп, жеке шабуыл арқылы жеңіс тұғырынан көрінді. Лопес жарыс аяқталардан екі шақырым бұрын фавориттер тобынан шабуыл жасап, бірден басымдыққа ие болды.

Бұл жетістіктің арқасында Лопес жалпы есепте көш бастады. 

"Бүгінгі күнді жеңіспен аяқтағаныма өте қуаныштымын. Командаластарым маған бастан-аяқ үлкен қолдау көрсетті. Алдымен Глеб Сырица мен Маттео Малучелли жазық бөлікте алдыңғы қатарда жұмыс істеп, жарысты толық бақылауда ұстады. Кейінгі таулы учаскеде Иде Схеллинг пен Антон Чармиг жоғары қарқынмен шабуылдаушылар тобынан сытылып шықты. Ақырында Серхио Игита шешуші шабуыл жасап, фавориттер тобын қалыптастырды. Сол топтан мен сәтті шабуыл жасап, жоспарымызды толық жүзеге асырдық. XDS Astana Team сапында жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Алда әлі екі кезең бар. Енді көшбасшы жейдесін қорғауға бар күшімізді саламыз", – деді Харольд Мартин Лопес жарыстан кейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу