Елордалықтар Елена Рыбакинаны әуежайдан күтіп алды

2922

Елена Рыбакинаны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоқжанов бастаған бір топ азамат күтіп алды.  

Елордалықтар Елена Рыбакинаны әуежайдан күтіп алды

9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон" финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен ойнап, жеңіске жеткен болатын. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген.

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу