Астанада 7 қазан күні тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында несиеге берілетін тұрғын үй бойынша өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тұрғын үй А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Нысандардың коды – 10336, 10338, 10339 және 10340.
Өтініштер 7-19 қазан аралығында Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады. Кандидаттарды іріктеу 21 қазанға жоспарланған.
Жалпы 562 пәтер ұсынылады. Оның ішінде:
1 бөлмелі – 166 пәтер;
2 бөлмелі – 276 пәтер;
3 бөлмелі – 80 пәтер;
4 бөлмелі – 40 пәтер.
Тұрғын үйлер бес қабатты, лифт қарастырылмаған. Пәтерлер таза әрленген күйде беріледі.
Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны – 332 916 теңге.
Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 5,2%-дан 5,8%-ға дейін. Бастапқы жарна мөлшері 10%-дан басталады.