"Астананың" бас бапкерге көңілі толмайды

1673

Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыға алмаған "Астананың" қазіргі жағдайы өте қиын.

"Астананың" бас бапкерге көңілі толмайды

"Астана" футбол клубының басшылығы атқарушы директор Пол Эшуорттың бас бапкер ретіндегі жұмысына көңілі толмайды және осы лауазымға ықтимал кандидаттармен келіссөздерді жалғастыруда,  - деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Эшуорттың басшылығымен команда екі ҚПЛ матчында ұпай жоғалтты. Олар Таразбен (1: 1) және Шахтермен (1: 1) тең түсіп, пенальтидегі екі голдың арқасында Ордабасыны (2: 1) жеңді. Қазір астаналық клуб көшбасшы "Қайраттан" алты ұпайға қалып қойды.

Қазіргі таңда клуб басшылығы бас жаттықтырушы қызметіне лайықты бірнеше шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, Эшуорт астаналық клубқа бас бапкер қызметіне чехиялық маман Михал Билектің орынына келген болатын.

"Астананың" биылғы маусымдағы басты сәтсіздігі еуропалық жарыстардан ерте кетуі. Эшуорттың кезінде команда Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Черногорияның "Будучность" құрамасынан жеңілді (0:1). Қазақстандық клуб еурокубок жолын Чемпиондар Лигасынан бастады, бірінші турда Бресттің "Динамосынан" ұтылды (3:6).

Сонымен қатар "Астана" басшылығы маусым соңында келісімшарты аяқталатын 10-12 ойыншының тізімін дайындады. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады.

Клубтың еуропалық жарыстардағы сәтсіз ойыны және ҚПЛ-дегі сәтсіздіктері "Астана" басшыларын өз орындарын сақтап қалу үшін экстремалды шаралар қабылдауға мәжбүр етеді. Шамасы, басшылық барлық айыптауларды өздерінен алыстату үшін ойыншыларды кінәлі етіп көрсеткісі келеді. Кеңейтілген тізімге Евгений Постников, Юрий Логвиненко және Ненад Эрич сияқты кейбір көшбасшылардың есімдері де енетіні белгілі болды.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу