Кеше елордалық "Астана" футбол клубы чартерлік рейспен Белоруссияның Брест қаласына "Динамо-Брест" командасына қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуін өткізу үшін аттанған болатын. Кездесу 18-тамыздан 19-тамызға қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.
Белоруссияға "Астана" келесі ойыншылар құрамымен аттанды:
Қақпашылар: Ненад Эрич, Дмитрий Непогодов, Станислав Павлов;
Қорғаушылар: Антонио Рукавина, Урош Радакович, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Юрий Логвиненко, Жарко Томашевич, Евгений Постников;
Жартылай қорғаушылар: Макс Эбонг, Рунар Мар Сигурьонссон, Марин Томасов, Иван Маевский, Юрий Перцух, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сагынаев, Дидар Жалмұхан;
Шабуылшылар: Дорин Ротариу, Тигран Барсегян, Пиерос Сотириу, Станислав Басманов, Алексей Щеткин, Рамазан Каримов.
Естеріңізге сала кетсек, 2020-2021 жылғы Чемпиондар Лигасына іріктеудің алғашқы айналымына жеребе тарту рәсімі 9-тамыз Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Елорданың футбол командасына Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңінде қарсылас атануы мүмкін 4 команда "Динамо" (Брест, Беларусь), "Рига" (Латвия), "Тирана" (Албания) және "Силекс" (Солтүстік Македония) түскен болатын. Нәтижесінде Михал Билектің шәкірттері Брест қаласында "Динамоға" қарсы ойнайтын болды.
Ермұхамед Мәулен